Өмірбаян. Мен Халықов Еркебұлан Ерболатұлы 01.01.1977 жылы дүниеге келгем, туған жерім Қазақстан Республикасы, Алматы облысы. 1994 жылы М.Мақатаев атындағы №140 гимназияны бітіргем (Алматы қ-сы). 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетін – экология және мониторинг мамандығы бойынша бітіргем. Университетті бітіргеннен кейін 1998-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мотоатқыштар взводының командирі және байланыс взводының командирі болып, аға лейтенант шенінде қызмет еттім. 2001-2003 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде Жалпы университеттік магистратурасында экология мамандығы бойынша оқыдым. 2015-2018 жылдары Satbayev University университетінде экология мамандығы бойынша докторантурада оқыдым. 2005 жылдан қазіргі уақытқа дейін «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ ғылыми қызметкерімін. Ғылыми еңбекте жұмыс тәжірибем – 18 жыл. Мен экология, қоршаған ортаны қорғау, атлас картасын жасау, жер бетін лазерлік сканерлеу, геодезиялық құралдармен жұмыс жасау, кәсіпорынның қызметін ілеспе табиғатты қорғау құжаттарын тіркеу саласындағы, қоршаған ортаны қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимыл, оның ішінде тексеру рәсімдері, кәсіпорынның ластау көздерінің атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары нормативтерінің сақталуын бақылау, кәсіпорын аумағындағы атмосфералық ауаның ластану жағдайын бақылау, өндіріс қалдықтарының түзілуі мен көмілуі, сондай-ақ геоморфология саласында, геоақпараттық жүйелер және фитомелиоративтік шаралар жасау салаларында маманмын. 2005 жылдан бастап экология, геодезия, геоморфология және қазіргі рельеф түзу процестері, атлас картасын жасау, шөлейттену мәселелері, Қазақстанның экожүйелері, шөл және батпақты жерлерді зерттеу саласындағы республикалық, аймақтық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға белсене араластым.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
0
құжаттар
0